Елімізде тұрғындардың 50% жуығы газбен қамтамасыз етілген. 9 облысқа газ тартылған, дегенмен, Орталық жəне Солтүстік өңірлер əлі де газсыз отыр.
Бүгін, 24-Хабар телеарнасының «Бастау керек» бағдарламасы осы өзекті тақырыпты ортаға салды.
Елбасының бес әлеуметтік бастамасы, 5:»Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру». Студияда талқыға түскен өткір мəселе Астана мен Солтүстік өңірлерді газбен қамтамасыз етудің маңыздылығы.
Спикерлер: ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сəрсенбай Еңсегенов, Қазақстанның Экологиялық ұйымдар қауымдастығы Басқарма төрайымының орынбасары Елдос Абақанов жəне ҚР ЭМ газ өнеркәсібін дамыту департаментінің орынбасары Демеу Сейтжанов.