Қарағанды мен Павлодар облыстарының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында нақты кешенді жоспарларға қол қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кеншілер қаласына 34 млрд теңге бөлінсе, Павлодарға 38 млрд теңге қарастылырған. Бұл туралы бүгін Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығының мамандары мәлімдеді. Жиында қалалардың рейтингісі де жарияланды. Мысалы, Степногор энергиялық тиімділігі жөнінен бірінші орынға шықты. Сосын Алматы, Көкшетау, Астана тұр. Ал Семей, Ақтау және Сәтбаев қалаларында инфрақұрылымдық жүйе нашар. «Сала мамандары қалалардағы қоршаған ортаны жақсарту үшін көліктен шығатын зиянды заттар көлемін азайтуға және қалдықтарды қайта өңдеу мәселесіне назар аудару керек», – дейді. Қазір елордада электр автобустарына арналған жоба жасалып жатыр. «Сонымен қатар Талдыкөлдің де тағдыры шешіліп, бір-екі жылда қалалықтардың сүйікті демалыс паркіне айналады», – дейді мамандар.
Елдос Абаканов, экологиялық ұйымдар қауымдастығы төраға орынбасары:
– Бүгінгі күнде қызыл кітапқа кірген бірнеше құстың түрі Талдыкөлде бар. Қазір әкімшілік тарапынан Ұлыбританияға арнайы топ барып зерттейді. Одан бөлек, оны осы Талдыкөлде енгізеді. Себебі Талдыкөлдің тарихына қарамастан, ондағы флора мен фаунасы өте бай. Және ол тікелей тұрақты эко-жүйе жасауға қамтамасыз етеді. Және қаланың ішінде халық демалатындай орын болады.
Деректер көзі: 24.kz