Нұр-Сұлтан қаласында «ТДМ-2030, жастардың жаһандық көзқарасы» атты Қазақстандық жастар форумының үшінші кезеңі өтті. Шараға «Қазақстанның балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» ЗТБ, «Жастарға жол» ҚР әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша жастарды дамыту қоғамдық қоры мұрындық болды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Жасыл экономика және G-global-ды дамыту коалициясының басқарма төрағасы Салтанат Рахимбекова Жастар алдағы 10 жылда нақты мақсаттарға жете алатынын айтты.
«Тұрақты даму мақсаттары бойынша жастар арасында көшбасшылар анықтаймыз. Бізде ТДМ бойынша екі жоба бар. Оның бірі — ТДМ көшбасшы әйелдері мен Жастар арасындағы ТДМ көшбасшы. ТДМ-ның 17 мақсаты бойынша байқау ұйымдастырылады. 2019 жыл бойынша 17 ТДМ көшбасшыларын анықтадық»,-деді С.Рахимбекова.
Сонымен қатар,биылғы байқауға жастарды белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов Елбасының 2050 Стратегиясында еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсаты тұрғанын айтты.
«Елімізде жастарға қолайлы жағдай туғызу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Жылдың қорытындысы бойынша Қ.Тоқаев тапсырма жүктеді. Жастарды дамытуға арналған көптеген бағдарламалар бар. Алайда,олар туралы көп адам біле бермейді. 208 жастар ресурстық орталықтары аудандарда жұмыс істейді. Олар туралы да барлығы ақпараттанбаған. Президент тапсырмасымен барлық бағдарламаларды тоғыстыратын жастардың навигациялық бағдарламасы әзірленіп жатыр»,-деді ол.
Сондай-ақ, ол бұл жастарға қатысты мақсат-міндеттер 2021 жылға дейін жалғасатынын айтты.
«Елбасы Н.Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Жастар жылы аясында 5 бағыт бойынша жол картасы жүзеге асырылды. Оның ішінде тұрғын үй,жұмыссыздық,волонтерлер мәселесі мен отбасылық мәселелер бар. Бұл жұмыстар аяқталған жоқ. Президент 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялады. Осы жұмыстардың барлығы осы жылы жалғасын табады», — деді Ғ.Оспанқұлов.
Сонымен қатар,вице-министр жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесіне тоқтап өтті.
«Әлемдік және қазақстандық тәжірибені зерделей келе жастардың басында екі маңызды мәселе бар екеніне көз жетті. Ол мектептен университетке өтетін кезең,осы жерде жастарға мамандық таңдауға жәрдемдесу керек. Екіншіден, университеттен кейін. жұмыс орындарына бейімделу. Жұмыс берушінің өзі тәжірибеге тартып,сапалы кадрларды әзірлеуге дайын болуы керек», — деді ол.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» аясында Шымкент және Алматы қалаларында форумның екі кезеңі сәтті өткен, оған мемлекеттік органдардың өкілдері, еліміздің 10 аймағындағы бизнес және қоғамдық жастар ұйымдарының өкілдері қатысқан.
Ал форумның қорытынды кезеңіне еліміздің барлық аймақтарынан жастар қатысады.
Аталған іс-шараның мақсаты жастардың қоғамда азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, кәсіби бағдары, олардың әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық өмірдегі процестерге қатысуы мен белсенді ықпалына байланысты проблемалық мәселелерді анықтау және шешу жолдарын іздеу болып табылады.
ТДМ басымдықтары 2015 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының аясында қабылданған Тұрақты даму мақсаттарының күн тәртібіндегі қажеттіліктерді қамтиды. Бұл форумның мақсаттары мен міндеттерін анықтауға арналған нұсқаулыққа негіз болды.
Форум мақсатты сессия түрінде өтті, бұл ТДМ-2030 сәйкес келетін қоғам дамуының маңызды бағыттарын қамтуға арналған. Форумның алғашқы екі жұмыс кезеңі қойылған мақсаттардың дұрыстығын растады және таңдалған әдістеменің жоғары тиімділігін көрсетті.
Кездесулердің ашық форматта өтуі (шеберлік сыныптары) барлық қатысушыларға тең диалог құруға мүмкіндік берді.
Біздер бірлесе отырып жастар, мемлекеттік (жоғары лауазымды тұлға, бизнестегі белсенді кәсіпкерлермен қоғамда жемісті жұмыс істейтін ашық ақпараттық кеңістікті құра алды. Бүгінгі күні форум тиімді сындарлы шешімдерді табатын және қазақстандықтардың өміріне оң өзгерістер енгізетін даму құралы.
Деректер көзі: strategy2050.kz