Күні кеше, 5 шілде күні Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы (АЭОК) Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен бірлесіп, еріктілерге арналған «Эко-мектеп» онлайн курсын бастады.
✅Онлайн курс мақсаты — экологиялық проблемаларды шешу үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру және экологиялық еріктілікті дамыту.
?Онлайн курс экология және эко-волонтерлік саладағы базалық білімді үйрететін білікті эко-жаттықтырушылардың басшылығымен өткізілуде.
✅Онлайн курстан өту кезінде тыңдаушылар эко-ерікті ретінде әртүрлі экологиялық мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды зерделейді.
?Сондай-ақ, онлайн курс тыңдаушыларын эко-еріктіліктегі білім деңгейін анықтау үшін оқудан өткеннен кейін алдын ала тестілеу және білімді бағалау күтіп тұр.
?Оқыту 5-7 тамыз аралығында Zoom платформасында өтеді. Сонымен қатар қауымдастық пен «Stop Musor» (Instagram/YouTube) жобасының әлеуметтік желілерінде қосымша бейнесабақтар жарияланатын болады.
?Курс аяқталғаннан кейін еріктілер барлық қауіпсіздік шараларын ескере отырып, Қорғалжын қорығында (Ақмола облысы) және Қазақстанның басқа да өңірлерінде сенбілік өткізуге шақырылады.
Сізді қоқыстану мәселесі толғандырса, бізге қосылыңыз.
Эко-ерікті болыңыз!




