«Қазақстандағы экологиялық саясат: негізі мен болашағы» атты оқу құралы жарық көрді. Әдістемелік құрал студенттер мен магистранттарға, аспирантурада оқитын азаматтарға арналған. Жаңа кітапқа елде сұраныс көп. Өйткені экология тақырыбында жан-жақты зерттелген ғылыми құралдар жоқтың қасы. Тақырыпты тілшіміз Жансұлу Жиенқұл баяндайды.
Қазақстанда экологиялық саясат тақырыбы өзекті. Өйткені, аталған салаға теориялық тұрғыда ғана емес, практика жүзінде маңыздылық беріліп отыр. Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен дайындалған оқу құралы эколог мамандарға ғана емес, сонымен қатар биолог-географтарға да арналған. Әрі аталған кітапты қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайтын әрбір адам оқуына болады.
АЙГҮЛ СОЛОВЬЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Кітапта 8 тарау бар және онда қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға деген міндеттеме көрсетілген. Әдістемелік құрал экологиялық мәдениетті және экологиялық мәселелерді шешуге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті, оны қорғау мен сақтауға ортақ көзқарасты қалыптастыруға салауатты түрткі болады. Қауымдастық 6 ай бойы стипендия бойынша жұмыс жүргізді және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және экологиялық мәселелерді шешуге жалпы көзқарас қалыптастыруға серпін береді деп үміттенеміз.
Эколог Гүлмира Смағұлова Қазақстан 2050 жылдарға қарай бірнеше дағдарысқа тап болуы мүмкін,- дейді. Ең біріншісі – ауыл шаруашылығы мен азық түлік проблемасы. Қазақстан сыртқа шығаратын тауардың бір бөлігі – бидай. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімнің түр-түрі бар. Климаттың өзгеруі экспорт көрсеткішін төмендетуі мүмкін. Былтырғы жылдың өзінде елдегі құрғақшылық экономикалық көрсеткіштерді төмендетті.
ГҮЛМИРА СМАҒҰЛОВА, «ЖАСЫЛ ДАМУ» КӘСІПОРНЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Күннен күнге климаттың өзгеруі байқалады. Яғни климаттық аумақтар экватордан полюстарға жылжып жатыр. Көктем ерте келіп, жер ерте құрғап кетіп жатыр. Бұл жақсы емес. Бұдан бөлек 2050 жылға қарай көмірсутек құны 2 есеге арзандайды. Бюджетке пайда келмейді. Экспорт күрт азайып кетуі мүмкін. Салдарынан білім мен ғылым, денсаулық сынды салаларға қаржы бөлінбей қалуы мүмкін.
Қазақстанның экологиялық қауымдастығының негізі мақсаты – елде «жасыл» технологияларды енгізуге ықпалдасу. Сонымен қатар аймақтарда экологиялық инфрақұрылымды дамыту. Бүгінде аталған мекеме қоршаған орта мәселесін жиі көтеріп, елімізге халықаралық сарапшыларды тарту үстінде. Қауымдастықтың құрамына 151 экологиялық мекеме кіреді. Бұл тұрғыда Ақмола облысы да белсенділік танытып келеді.
Деректер көзі: kokshetautv.kz