«Stop Musor» әлеуметтік-экологиялық жобасы жүзеге асырылған үш жыл ішінде бірқатар жобалар мен бастамалар жүзеге асырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Stop Musor» әлеуметтік-экологиялық жобасы Қазақстанда 2020 жылдан бастап тұрмыстық қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеу, қоқыстану деңгейін төмендету және қазақстандықтар арасында ҚТҚ-ны бөлек жинауды танымал ету мақсатында іске асырылды. Жоба осы жылы дәстүрлі түрде Дүниежүзілік тазалық күніне арналған акцияға қатысқан «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының қаржылық қолдауымен жүзеге асты.
«StopMusor» жобасы халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Өкінішке қарай, қоғамдық орындарда тұрмыстық қоқыстарды жиі кездестіруге болады. Әрине, бұл бізді алаңдатады. Жобаның негізгі серіктестері ретінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сондай-ақ Астана және Алматы әкімдіктері, «Филлип Моррис» Қазақстан» компаниясы болды. Өткен жылдың сәуір айында жобаны іске асыру алдында біз елорда және Алматы қалаларының тұрғындары арасында онлайн сауалнама жүргізудік. Олардың нәтижелері бойынша респонденттердің көпшілігі қалаларда қоқыс тастау мәселесінің өзектілігін түсінді. Сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам қоғамдық орындарда ұсақ тұрмыстық қоқыстарды жиі кездестіретінін атап өтті. Қалыптасқан жағдай қала тұрғындарын алаңдатады және олар адамдардың қоқыс жәшіктерге тастамайтынына деген теріс көзқарасын көрсетедіә, — деген еді жоба жайлы Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрайымы Айгүл Соловьева.
Үш жыл ішінде әлеуметтік жоба аясында қандай іс-шаралар атқарылғанын тізбектеуді жөн көрдік.
Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен StopMusor әлеуметтік жобасы аясында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» РҚБ еріктілерінің қатысуымен Бурабай ауданындағы Шортанды көлінің жағасында сенбілік өткізді.
Сондай-ақ қатысушыларға қоқысты бөлек жинауға арналған тренинг өткізілді. Сенбілік қорытындысы бойынша 200 келіден астам ҚТҚ жиналды.Сенбілік азаматтардың назарын экологиялық проблемаларға, оның ішінде қоршаған ортаның ластануына, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған.
Ұйымдастырушылар бұл жерді азаматтар мен қонақтардың назарын елдегі курорттық аймақтар мен ұлттық саябақтарға келушілердің қоқысты тастап кету мәселелеріне аудару үшін таңдады. Жыл сайын жазда пикниктер ұйымдастыратын, қоқыстарды қалдыратын және сол арқылы табиғатқа жауапсыздық танытатын ұлттық парктерге келушілер саны артып келеді.
Сонымен қатар жоба аясында Қауымдастық Щучинск-Бурабай курорттық аймағына Щучинск қаласына кірген кезде бұлақтың жанына орнатылған эко-орындық сыйға тартты. Бұл орындық Eco Maf ЖШС-де қайта өңделген пластиктен жасалған. Осы акция арқылы ұйымдастырушылар азаматтардың назарын:
-Кез-келген адам пластика проблемасымен күресуге аз да болса үлес қоса алатынын;
-пластикалық пакеттерді пайдаланбауға. Дүкенге матадан жасалған азық-түлік сөмкесімен баруға болатынына;
-бір рет қолданылатын пластикалық ыдыстарды пайдаланбауға болатынына;
-ормандар мен саябақтарды тазартуға көмектесетін қоқыс жинау шараларына қатысуға болатындығына аударғысы келеді.
«World clean up day» дүниежүзілік акциясы да осы әлеуметтік жоба аясында жүзеге асырылды. Акция аясында елді мекендердің төңірегіндегі рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, қалалардың рекреациялық аймақтарын, саябақтары мен аллеяларын тазарту жұмыстары жүргізілді.
Аулаларды тазалау жұмыстарына өңірлер мен ұйымдардың тұрғындары барынша тартылды. Оған еріктілер, экобелсендер, қоғам белсенділері де қатысты. Қатысушылар саны шамамен 330 мың адамды құрады. Бұл 33 мыңнан астам волонтер, 77 мыңнан астам мемлекеттік органдардың өкілдері, 131 мыңнан астам азамат.
Акция барысында 8 мың гектардан астам жер тазартылды. 20 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.
Айта кетейік, жиналған қоқыс сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді. Мәселен, 1,8 мың тоннадан астам шыны, 3 мың тонна пластик, 2 мың тонна резеңке, 2,8 мың тонна қағаз және картон, 1 мың тонна металл берілді.
Акция қоршаған ортаның ластануы және аумақты қоқыстан тазарту тақырыбына арналған дүниежүзілік бастама болып табылады.
Акцияға қатысуға ниет білдірген еріктілердің саны жылдан жылға артып келе жатқанын атап өткен жөн, бұл халықтың экологиялық проблемаларды шешуге тартылуының жақсы көрсеткіші болып табылады.
Сондай-ақ бірқатар қалада дармаркалар өткізілді.
Дармарка дегеніміз – бұл тегін нарық, онда жұрт қолданылмайтын, бірақ жақсы күйдегі заттарын алып келіп, өзінің пайдасына жарауы мүмкін заттарға айырбастай алады.
Дармарка жақсы заттардың жаңа иелерін тауып қана қоймайды, сонымен қатар жаңа тауарларды өндіруге, буып-түюге және жеткізуге бөлінетін ресурстар мен қаражат шығындарын азайтады. Бұл қоғам мен қоршаған ортаны саналы тұтыну мен тұрақты дамыту жолындағы қарапайым қадам.
Сонымен қатар 2009 жылдан бастап елімізде жүзеге асырылған «Жер сағаты» акциясы биыл ерекше ұйымдастырылды.
27 наурызда елордада «Жер сағаты» бүкіл ғаламшарлық акциясы аясында 150-ден астам нысан электр қуатынан ажыратылды.
Елорданың көптеген нысандары осы уақытта сыртқы сәндік жарықтарын сөндіреді, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Акцияның негізгі мақсаты – ғаламшар ресурстарына жауапты және ұқыпты қарауға адамдардың назарын аудару. Жыл сайын 180 елден миллиондаған адамдар 1 сағатқа жарық пен электр құрылғыларын сөндіреді. Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері – Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей өз жарықтарын сөндіреді. Қазақстанда «Жер сағаты» акциясы жыл өткен сайын танымал болып келеді. Егер бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, соңғы екі жыл қатарынан елдің барлық өңірлері акцияға қосылды.
Деректер көзі: azattyq-ruhy.kz