Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елдос Абақанов «Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу және Париж келісімінің міндеттемелерінің орындалуы үшін Корея мен Қазақстанның ынтымақтастығы» дөңгелек үстелі барысында айтты.
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тығыз қарым-қатынасты көріп отырмыз. Оның ішінде әлеуметтік, экономикалық бағыттар да бар. Оңтүстік Кореяның жасыл экономиканы енгізуі бойынша озық тәжірибесі барлығына танымал. Корея жасыл өсім ұстанымдарын енгізу бойынша әлемдік пионер деп айтуға болады,- деді ол.
Депутат атағандай, Қазақстан да бірнеше жыл қатарынан жасыл экономиканы енгізуді жүзеге асырып жатыр.
Жасылдандыру бойынша әртүрлі даму модельдерін пайдаланып жатыр. 2013 жылы жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы қабылданды. Елбасы бастамасымен құрылған «Жасыл көпір» халықаралық серіктестік бағдарламасы бар. Қазақстанның соңғы бастамасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан 2060 жылға қарай көмірсутектік бейтараптыққа жетеді. Бұл мақсатқа жету үшін жан-жақты шаралар қабылдау керек,- деді Абақанов.
Депутат дөңгелек үстел аясында тараптар ынтымақтастығы артуы мүмкін екенін айтты.
Бұл кездесуден кейін екі жақ тараптың сарапшылары бірлесіп тиімді жұмыс істей алады деп үміттенеміз,- деді ол.
Деректер көзі: baq.kz