Павлодар облысының әкімі әкімі Әбілқайыр Ысқақов облыстағы экологиялық мәселені шешудің екі тәсілін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Негізгі мәселе – ластаушы заттардың мөлшері. 2019 жылы ол 717 мың тоннаны құраған, бұл ел ішіндегі Павлодар облысының антирекорды», — деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов Естай атындағы Мәдениет үйінде халыққа есеп беру кезінде.
Оның пікірі бойынша, жағдайды жақсартудың екі негізгі тәсілі бар.
«Біріншісі – ең озық қолжетімді технологияларды енгізу. Еуропада осы тәжірибе қоқыстарды 94 пайызға қысқартты, біз де сондай жетістікке жетуге тырысамыз. Ең озық қолжетімді технологияларды енгізген мекемелер қоршаған ортаға эмиссия төлеуден босатылады; енгізбегендердің мөлшерлемесі арта береді. Жақында жаңа Экологиялық кодекс шығады: Экология министрлігі ең озық қолжетімді технологияларды бірінші болып енгізетін топ-50 компанияны іріктеп алды, олардың қатарында –облысымыздағы өнеркәсіп мекемелері бар.
Оның айтуынша, өнеркәсіп мекемелерімен бірлесіп аудандағы қоқыс көлемін қысқартуға барлық мүмкіндік қарастырылған.
«Екінші тәсілі – көгалдандыру. Табиғат пайдаланушылары өздерінің санитарлық зоналарын қажетті нормаға дейін көгалдандыруы қажет. Аудандағы 16 ірі мекеме он пайыз жерді де көгалдандырмайды! Бұл экологиялық мәдениеттің төмен екендігін көрсетеді», — деп атап өтті Ә. Ысқақов.
Павлодар облысының әкімі облыс тұрғындары мен келер ұрпақтың денсаулығы үшін бизнес-қауымдастық пен қарапайым азаматтар арасында экологиялық мәдениетті насихаттап, дамыту керек деп есептейді.
Деректер көзі: inform.kz