Қостанай облысында нан бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінді. Бұл туралы аталған облыстың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қауымдастықтың 2020 — 2025 жылдарға арналған даму стратегиясының тұсаукесері, экологиялық саясатты қалыптастыру тәсілдерін одан әрі жетілдіру үшін, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықтың пікірін білдіруге арналған қоғамдық экологиялық мониторинг порталы ресми іске қосылды.
Құрылған портал азаматтарға ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардағы және Қазақстанның барлық аймақтарындағы экологиялық ахуал туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Қауымдастық Төралқасының Төрайымы Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаева Қауымдастық екі жылда құрылу жолынан өткенін айтты.
«Бүгін мен Басқармаға ҚЭҰҚ мүшелері мен оның әріптестерін қызмет туралы есептерін тыңдау үшін шақырттым. Жұмысты жақсарту мен толықтыру бойынша сіздердің пікірлер мен ұсыныстарыңызды білгіміз келеді. Оның негізінде жұмысты жақсарту бойынша жаңа стратегиялық бағыттар әзірлеу жоспарланған. Біздің мақсатымыз экологияның проблемалық мәселелерін шешу,сондықтан да біз бірігіп,елдің тұрақты дамуына өз үлесімізді қоса аламыз деп сеніммен айта аламын»,-деді Әлия Назарбаева.
Оның айтуынша,адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсер ететін дұрыс экологиялық саясатқа қатысу қажет.
«Әлемдік экологиялық қауымдастық жүйесінің интеграциясы тәжірибесі бізге үлкен басымдық береді. Халықаралық ұйымдардағы біздің әріптестеріміз мұны жүзеге асыру үшін бірқатар қадамдар жасады.Меніңше,олар бұдан әрі де бізді қолдайды,себебі ҚЕЭҚ бастамаларына қолдау көрсетіп,халықаралық сарапшыларды тартуға жәрдемдеседі»,-деді ол.
Сонымен қатар,Ә.Назарбаева Мемлекеттік органдар ынтымақтастыққа әркез қолдау көрсететінін айтты.
«Бизнес қауымдастық қауымдастыққа ашық,біз ашық пікірсайысқа әзірміз. Бүгін қажетті ұсыныстар мен пікірлер айтылаты деп ойлаймын»,-деді Ә.Назарбаева.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдар мен қауымдастық мүшелері және жергілікті атқарушы органдар қатысты.
Деректер көзі: strategy2050.kz