«Stop Musor» жобасы аясында жастардың бастамаларын қолдау мен инновациялық ынталандыру мақсатында экологиялық байқау өз мәресіне жетті.
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қоқыспен күресу аясында жасалған жұмыстарын ұсынған 3-4 курс стдуенттері марапатталды.
ҚР Экологиялық ұйым қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов байқауға қатысқан студенттер ел экологиясын жақсартуға үлес қосатынын айтты.
Жоба аясында ауқымды іс атқарылды. Ірі қалаларда экологиялық акциялар ұйымдастырылып, халықтың экологиялық сауатын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл байқау да осы іс-шаралар аясында жүзеге асырылған бастамалардың бірі болды. Өскелең ұрпақ өздеріне дейін және кейінгі қоғам өкілдерін экологиялық сауаттылыққа бейімделуге атсалысты, — деді ол.
Жобаның мақсаты-инновациялық қызметке тарту арқылы жастардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетін ашу және іске асыру үшін қалаларды ластауға қарсы күрес бойынша неғұрлым перспективалы бастамаларды айқындау.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер биылғы жылдың 15 тамызы мен 10 қарашасы аралығында 3-4 курс студенттерінен «инновациялық жоба», «перспективалы жоба», «әлеуметтік маңызы бар жоба», «білім беру жобасы» номинациялар бойынша қабылданды.
Ұйымдастырушылар барлық номинация бойынша 29 өтінім алды. Байқау ережесіне сәйкес қатысу үшін 60 секундтан аспайтын бейне түсіріп, қатысушының толтырылған сауалнамасын жіберу қажет болды.
Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша әр номинация бойынша бір жеңімпаз іріктелді, олар 100 000 теңгеден ақшалай сыйлық алады.
Деректер көзі: baq.kz