Бұл туралы СІМ көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов Париж келісімі міндеттемелерінің орындалуы үшін Корея мен Қазақстанның ынтымақтастығы туралы өткен дөңгелек үстел барысында айтты.
Корея біздің Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі екенін айту керек. Біздің елдер БҰҰ аясында белсенді ынтымақтасып, бастамаларға өзара қолдау көрсетеді. Көмірсутекті бейтараптыққа жету қазір жаһандық маңызды бастаманың бірі болып есептеледі. Сол себепті Қазақстан 2060 жылға таман көмірсутекті бейтараптыққа жетуді мақсат етті. Сондай-ақ 5 жылда 2 млрд ағаш отырғызу мақсатын қолға алдық,-деді ол.
Теменов айтқандай, Қазақстан Кореямен тәжірибе алмасу ынтымақтастығын дамытуға мүдделі.
Себебі Кореяның қазіргі уақытта жасыл экономика саласындағы технологиялары жоғары. 2017-2019 жылдары Арал теңізінің құрғаған түбіне ағаш отырғызу бастамасын да Корея қолдаған еді. Қазақстанның жаһандық өсім институтына болашақта қосылуы көміртекті бейтараптыққа жету ынтымақтастығын арттыра түсіреді,- деді Дидар Теменов.
Деректер көзі: baq.kz