Экологиялық мәселелер халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына кері әсер етуде. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, 2020 жылғы 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында экологиялық білімнің маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Бұл жағдайда экологиялық құқықты қорғайтын мамандардың тапшылығы байқалуда. Осыған орай, KAZGUU эколог-заңгерлердің жаңа буынын оқытуды бастайды.
Әлемнің 70 елінде жетекші бизнес жүргізіп отырған Eni S. p.a халықаралық компаниясы және Eni S. p. a Корпоративтік университеті КАЗГЮУ Университетімен ынтымақтаса отырып, бірлесе әрекет етуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл компания Қазақстанның мұнай-газ саласында 90-жылдардың басынан жұмыс істейді.
Ынтымақтастық туралы үш жақты келісімге қол қою кезінде 2020/21 академиялық оқу жылына арналған магистрлік бағдарлама әзірленетін болды. KAZGUU биылдан бастап эколог-заңгерлердің жаңа буынын даярлайды. Болашақ мамандар экологиялық құқық және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі, заңнама саласында білім алып, дағдыларын жетілдіреді.
Экологиялық құқық жеке және заңды тұлғалар үшін, мемлекет үшін маңызды болғандықтан, бұл білім бағдарламасы барлық тараптар үшін ұтымды. Өйткені KAZGUU энергетикалық сектор үшін экологиялық заңгерлердің жаңа буынын тәрбиелеуге көмектеседі, ал мемлекеттік органдардың мамандары үшін баға жетпес халықаралық тәжірибе болмақ.
Деректер көзі: www.kt.kz