Әлемнің антиэкологиялық рейтингісінде еліміз көш бастап тұр. Қоршаған орта жағдайы, табиғатты қорғау, жасыл желек аумағын арттыру – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Жалпы ластанудың 80 % еліміздің 50 ірі кәсіпорнына тиесілі. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда атмосфералық ауа сапасының деңгейі өте төмен. Бұл тұста экологиялық реттеу тәсілдерін қайта қарау қажет.
Ауа сапасының индексін қолдану тиімді ме? «Бүгін» бағдарламасының кезекті шығарылымын жіберіп алмаңыздар. Студия қонақтары:
• Зұлфұхар Жолдасов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы
• Елдос Абақанов, ҚР Мәжілісінің депутаты
• Рауан Ерұланқызы, Тұрақты даму жобалары бойынша сарапшы
• Асхат Сүлейменов, Жасыл экономиканы қолдау коалициясының атқарушы директоры
• Асыл Оқапова, «StopMusor» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі